Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 22 қазандағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольское ауылы халқының пікірін ескере отырып, Новоникольск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округінің Новоникольское ауылындағы қоса берілген схемалық картаға сәйкес атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
№ 1 атауы жоқ көшеге - Геннадий Зенченко көшесі;
№ 2 атауы жоқ көшеге - Абай көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округінің әкімі |
Е.Захарова |
| Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 ақпаны № 6 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округінің Новоникольское ауылындағы атауы жоқ көшелерге атаулар беру туралы схемалық карта

Новоникольск ауылдық округі әкімі Е. И. Захарова
