Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдеу өнімдері, медициналық бұйымдар қосымша тегін берілсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облыстық | |
| мәслихат сессиясының төрағасы | С.Тимофеев |
| Солтүстік Қазақстан облыстық | |
| мәслихатының хатшысы | В.Бубенко |
| Солтүстік Қазақстан | |
| облыстық мәслихатының | |
| 2020 жылғы 7 қазандағы | |
| № 48/13 шешіміне | |
| 1 қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін берілетін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 17.03.2021 № 3/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 04.10.2021 № 9/1 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);21.01.2022 № 13/10 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2022 № 16/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.07.2022 № 19/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2023 № 2/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2024 № 11/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.05.2024 № 14/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2025 № 21/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2025 № 26/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
| Солтүстік Қазақстан | |
| облыстық мәслихатының | |
| 2020 жылғы 7 қазандағы | |
| № 48/13 шешіміне | |
| 2-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" 2020 жылғы 11 наурыздағы № 40/5 шешімі (2020 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6102 болып тіркелген).
2. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 40/5 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 28 мамырдағы № 43/7 шешімі (2020 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6329 болып тіркелген).
3. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысының жеке санаттағы азаматтарына қосымша медициналық мақсаттағы бұйымды беру туралы" 2016 жылғы 15 наурыздағы № 42/3 шешімі (2016 жылғы 18 сәуірде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3711 болып тіркелген).