Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Кенжекөл ауылдық округінің Кенжекөл және Долгое ауылдарының тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының корытындысы негізінде, Кенжекөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің Кенжекөл ауылында келесі көшелері:
"Дорожная" көшесін – "Баян батыр" көшесі;
"Кирпичная" көшесін – "Келісім" көшесі;
"Парковая" көшесін – "Малайсары тархан" көшесі;
"Пригородная" көшесін – "Сұлтанбет сұлтан" көшесі;
"С. Токин" көшесін – "Лашын" көшесі;
"Южная" көшесін – "Қапар Смағұлов" көшесі болып қайта аталсын.
2. Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің Долгое ауылында келесі көшелері:
"Северная" көшесін – "Қимақ" көшесі;
"Центральная" көшесін – "Қазанғап би" көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кенжекөл ауылдық округінің әкімі | С. Шуакбаев |