Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 22.04.2021 № 21/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 236/22 шешіміне (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5997 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
2) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-тармақтарымен толықтырылсын:
"
14 | Менингоэнцефалиттен кейінгі салдары, екінші реттік гидроцефалия | "NAN" балалар тағамы қоспа |
15 | Бұлшықет дистониясы синдромы, 1 дәрежелі гипотрофия | "Nestogen -3" балалар тағамы қоспа |
16 | Қатты және жұмсақ таңдай жарасы | Пребиотиктар қосылған құрғақ сүт сусыны "Балалар сүті 4" Малютка" |
17 | Балалар милық салдануы, менингоэнцефалиттен кейінгі салдары | "Нутрикомп дринк"; "Nestogen -4" балалар тағамы қоспа |
18 | Аноксикалық бас мидың зақымдануы | "Nestogen -2" балалар тағамы қоспа |
19 | Қояншықтық энцефалопатия, тубероздық склероз, симптомдық қояншық, нейроинфекциямен ауырғаннан кейінгі салдары, балалар милық салдануы, түйілу тетрапарезі, Веста синдромы, полиморфизмді талмасы бар құрылымдық қояншық, құрылымдық қояншық, микроцефалия | "Вигабатрин (Сабрил)"; "Этосуксимид (Суксилеп)"; "Перампанел ( Файкомпа)"; "Клобазам (Фризиум)"; "Сультиам" |
20 | Ишемиялық түрі бойынша ми қан айналымының жіті жеткіліксіздігі | "Клоназепам" |
21 | GIII бас мидың самайлық үлесінің анопластикалық олигодендроглиомасы |
"Ломустин"; |
22 | Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы | "Этеплирсен (Экзондис 51)" |
".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы | К. Капенов |
| Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы | Б. Бексеитова |