Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 24.03.2022 № 145 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 380 шешіміне (2019 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8340 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрайымы, Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы | А. Аксаутова |
| Қостанай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 ақпандағы № 487 шешіміне қосымша |
| Қостанай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 380 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Айсары ауылының тұрғындары үшін | 60 |
2 | Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Қостомар ауылының тұрғындары үшін | 39 |
3 | Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Степное ауылының тұрғындары үшін | 3 |
4 | Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Половниковка ауылының тұрғындары үшін | 10 |