"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2019 жылғы 21 мамырдағы № 310 қаулысына (2019 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8477 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында реттік нөмірлері 17, 18, 19, 20, 21, 22, 38, 49 жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
"
17 | Тобыл қаласы | Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Тобыл қаласының № 1 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы тақта |
18 | Тобыл қаласы | Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Тобыл қаласының № 2 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы тақта |
19 | Тобыл қаласы | Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы тақта |
20 | Тобыл қаласы | "Қостанай ауданының Тобыл қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы тақта |
21 | Тобыл қаласы | "Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай ауданы әкімдігінің "Затобол жылу энергетикалық компаниясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алдындағы тақта |
22 | Тобыл қаласы | Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәдени-демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алдындағы тақта |
";
"
38 | Осинов ауылы | Школьная көшесі, 1 бойынша орналасқан ғимараттың алдындағы тақта |
";
"
49 | Сормовка ауылы | "Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Сормов бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы тақта |
".
2. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданының әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай ауданының әкімі | В. Радченко |