“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “Жалағаш ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 261 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6510 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жалағаш ауданының әкімі | А. Шаменов |