"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексiнің 139-бабының 9-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiлеу туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 272 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7002 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы "денсаулық сақтау", "ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" деген сөздер алынып тасталынсын.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Қармақшы аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы | Д. Буханов |
| Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы | М. Наятұлы |