Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 20.03.2024 № 16/11 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Теміртау қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй - жайлар берілсін.
3. Теміртау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қантардағы №2/8 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3635 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2016 жылғы 3 ақпанда "Темиртауский рабочий" газетінде №5 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Арғынұлы Жетпісбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Теміртау қаласының әкімі | К. Бегимов |
| Теміртау қаласының әкімдігі 2020 жылғы 27 қарашасы № 60/1 Қаулысына 1-қосымша |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№ п/п | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны |
1. | Теміртау қаласы | Чернышевский көшесі, "Aстория" кафесінің жанындағы "Үгітплакат" стенді |
2. | Теміртау қаласы | Республика даңғылы бойындағы, "Старт" аялдамасы жанындағы, "Қазақстаның халык банкі" акционерлік қоғам ғимаратының жанындағы ақпараттық қалқандар |
3. | Теміртау қаласы | Республика даңғылы, Ескі қала саябағындағы ақпараттық стенд |
4. | Ақтау кенті | Карл Маркс көшесі, "Ақтау" мәдени-бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жанындағы ақпараттық стенд |
| Теміртау қаласының әкімдігі 2020 жылғы 27 қарашасы № 60/1 Қаулысына 2-қосымша |
Сайлау науқаны кезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар
№ п/п | Елді мекеннің атауы | Кездесу орны |
1. | Теміртау қаласы | "Теміртау мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жайы (Республика даңғылы, 38) |
2. | Ақтау кенті | "Ақтау" мәдени-бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жайы (Карл Маркс көшесі, 5) |