"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 24 тамыздағы № 6С-6/5-16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5551 тіркелді, 2016 жылғы 12 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Ерейментау аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Е.Аскар |
|
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
К.Махметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
| Ерейментау ауданының әкімдігі |