Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 14.12.2021 № 13 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 21 тамыздағы № 01-28-167 ұсынысы негізінде, Полтавка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Атбасар ауданының Полтавка ауылдық округінің Титовка ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Полтавка ауылдық округінің әкімі |
Л.Кожахметова |