Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 26.03.2025 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2010 жылғы 19 наурыздағы "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер" нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі - Агенттік) Парасаттылық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы |
А. Шпекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
| Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы 2020 жылғы 4 қарашасы № 365 бұйрығымен бекітілген |
"Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) (бұдан әрі - Агенттік).
Әкімшілік деректер нысаны келесі интернет-ресурста орналастырылған:https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption?lang=kk
Индекс: 1-НАЭ
Кезеңділігі: ай сайын.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді үйлестіру жүктелетін ғылыми мекеме немесе жоғары оқу орны (бұдан әрі – Үйлестіруші).
Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін.
№ | Жобаның атауы нормативтік құқықтық актінің | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындыларында ұсынылған ұсынымдардың жалпы саны | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қорытындылары бойынша нормативтік құқықтық актілерде ескерілген ұсынымдардың жалпы саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 |
Үйлестірушінің атауы |
Үйлестірушінің мекен-жайы |
Үйлестірушінің байланыс телефоны | |
Үйлестірушінің электронды мекен-жайы | |
Үйлестірушінің жауапты тұлғасы_______________________ Қолы__________ | |
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға___________________Қолы_______ | |
| "Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер" Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды(бұдан әрі - Нысан).
2. Нысанды Үйлестіруші толтырады және Агенттікке ұсынады.
3. Нысанға Үлестіруші ретінде әрекет ететін ұйымның басшысы не оның міндетін атқарушы адам, тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
4. Нысан есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін ұсынылады.
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2- тарау. Нысанды толтыру
6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
7. 2- бағанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілген нормативтік құқықтық актінің атауы көрсетіледі.
8. 3-бағанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындыларында ұсынылған ұсынымдардың жалпы саны көрсетіледі.
9. 4-бағанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қорытындылары бойынша нормативтік құқықтық актілерге енгізілген ұсынымдардың жалпы саны көрсетіледі.