Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.05.2024 № 332 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14914 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген, Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларында:
1, 3 және 4 қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 3 қарашасы № 1061 Бұйрығына 1-қосымша |
|
| Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмір- кодтарын беру қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Темекі өніміне (-деріне) ДСН-кодын (-тарын) беруге арналған өтінім
Көрсетілетін қызметті алушылар атауы: ___________________________
Көрсетілетін қызметті алушылар жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру
нөмірі: ________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушылар түрі (өндіруші және (немесе) импорттаушы):
_____________________________________________________
№ | Темекі өнімінің таңбасы | Темекі өнімінің атауы (сигареттер, папиростар, сигаралар, сигариллалар, қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі және басқа темекі) | Қораптағы (орауыштағы) темекі өнімінің бірлік саны, (дана, грамм, миллилитр) | Сүзгінің бар-жоғы, (бар/жоқ) |
1. | ||||
2. | ||||
... |
Басшы _______________________________________ ________________
(Тегі, аты-жөні, әкесінің аты) (ол болған кезде) (қолы)
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 3 қарашасы № 1061 Бұйрығына 2-қосымша |
|
| Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмір- кодтарын беру қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Темекі өнімдерінің дербес сәйкестендіру нөмірлер-кодтарының тізілімі
Р/с№ | Өтінім берушінің атауы | Жеке сәйкестендіру нөмірі/ Бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Өтінім берушінің заңды меке-жайы | Темекі өнімінің таңбасы | Темекі өнімінің атауы (сигареттер, папиростар, сигаралар, сигариллалар, қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі және басқа темекі) | Қораптағы (орауыштағы) темекі өнімінің бірлік саны, (дана, грамм, миллилитр) | Сүзгінің бар-жоғы, (бар/жоқ) | Дербес сәйкестендіру нөмірлер--коды |
1. | ||||||||
... |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 3 қарашасы № 1061 Бұйрығына 3-қосымша |
|
| Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы ДСН-кодтарының құрылымы мынадай сызбада ұсынылған:

Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) - темекі өнімдерінің өндіретін және (немесе) импорттайтын жеке және заңды тұлғаның коды.
Екінші фасет (екінші топ екі саннан) – тауарлар тобы (сүзгімен сигареттер – 01; сүзгісіз сигареттер – 02; папиростар – 03; сигаралар – 04; сигариллалар – 05; қыздырылатын темекісі бар бұйымдар – 06; қорқорға арналған темекі – 07; басқа темекі – 08).
Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) – темекі өнімінің таңбасы.
Төртінші фасет (төртінші топ екі саннан) – қораптағы немесе бумадағы темекі өнімінің саны.
