ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 80) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2026 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсеілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығына 1 қосымша |
Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Ескерту. Білітілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2026 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Медициналық қызмет үшін | |||||
р/с№ | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер | Ескертпе | ||
1. | Заңды және жеке тұлғалар үшін – меншік құқығында немесе жалға беру шартында, немесе жылжымайтын мүлікті тегін пайдалану шартында (несиеде) кемінде 1 жылға жасалған, немесе мүлікті сенімді басқару шартында, немесе мемлекеттік-жеке серіктестік шартындағы санитариялық талаптарға сәйкес келетін, денсаулық сақтау объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейтін, сондай-ақ бейінді қызметтердің көрсетілетін медициналық көмектің аталатын түрлері бойынша ұйымдастыру стандарттарына сәйкес келетін үй-жайлар немесе ғимараттар. | Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Меншік құқығын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "Е-License" мемлекеттік деректер қорымен интеграцияланған "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" цифрлық жүйесінен алады. | ||
2. | Заңды және жеке тұлғалар үшін – мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша бейінді қызметтердің медициналық көмек көрсетуін ұйымдастыру стандарттарына және денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру ең төмен стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен құрал-сайман, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар (қажет болған кезде) меншік құқығында. | Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Көрсетілетін қызметті беруші медициналық бұйымды тіркеу туралы мәліметтерді "DariKZ" цифрлық жүйесінен алады. | ||
3. | Жеке тұлғалар (медицина қызметкерлері) үшін – медициналық қызметтің мәлімделетін кіші түрлеріне сәйкес тиісті медициналық білімі. | Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Бірыңғай жоғары білім платформасы" және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Ұлттық білім беру базасы" цифрлық жүйелерінен 2012 жылдан кейін жоғары немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім туралы құжат алған адамдардың мәліметтерін алады. | ||
4. |
Жеке тұлғалар (медицина қызметкерлері) үшін: | Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. | Біліктілікті арттыру, сертификаттау курсынан өту туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "Е-License" порталынан "Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттарды беру" мемлекеттік қызметімен деректермен алмасу жолымен алады. | ||
5. | Жеке тұлғалар (медицина қызметкері) үшін – медициналық мамандық (мамандандыру) бойынша маманның тиісті сертификаты. | Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. | Көрсетілетін қызметті беруші медициналық мамандық (мамандандыру) бойынша маманның қолданыстағы сертификаты туралы мәліметтерді "Е-License" мемлекеттік деректер қорынан алады. | ||
6. | Заңды тұлғалар үшін - осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлері туралы мәліметтермен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты. | Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Көрсетілетін қызметті берушілер лицензия (оған қосымша) берілгенге дейін көрсетілетін қызметті алушының өндірістік базасына рұқсат беру бақылауы барысында медицина қызметкерлерінің штаты (бекітілген штат кестесі) туралы мәліметтерді алады. | ||
7. | Жеке тұлғалар үшін (жеке кәсіпкерлік субъектісі) - медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі. | Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. | Көрсетілетін қызметті беруші еңбек шарттары және қызметкерлердің еңбек өтілі туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Enbek.kz" цифрлық жүйесінен алады. | ||
8. | Заңды және жеке тұлғалар (жеке кәсіпкер) үшін тиісті бейін бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес электрондық медициналық жазбаларды қалыптастыру үшін дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға арналған медициналық цифрлық жүйенің болуы. | Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. | Көрсетілетін қызметті алушы медициналық цифрлық жүйенің болуы туралы мәліметтерді (құжаттарды, шартты) "Е-License" порталында электрондық көшірмелер нысанында ұсынады және өндірістік базада рұқсат беру бақылауы барысында медициналық цифрлық жүйесінің жұмысын көрсете отырып, осы құжаттардың түпнұсқасын ұсынады. | ||
Ескертпе: | |||||
Фармацевтикалық қызмет үшін | |||||
р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер | Ескертпе | ||
1. | Заңды және жеке тұлғалар үшін – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейтін санитариялық қағидаларға сәйкес келетін меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар. | Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. | Меншік құқығын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "Е-License" мемлекеттік деректер қорымен интеграцияланған "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" цифрлық жүйесінен алады. | ||
2. |
Заңды және жеке тұлғалар үшін - нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды және оларды өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақталуды қамтамасыз етуге арналған жабдықтар мен жиһаздар, мүкәммал, аспаптар мен аппаратуралар; | Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. | |||
3. | Заңды тұлғалар үшін – мамандар туралы мәліметтермен расталатын қызметкерлер штаты. | Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. | |||
4. |
Заңды тұлғалар үшін - фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білім және мамандық бойынша жұмыс өтілі: | Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Бірыңғай жоғары білім платформасы" және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Ұлттық білім беру базасы" цифрлық жүйелерінен 2012 жылдан кейін жоғары немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім туралы құжат алған адамдардың мәліметтерін алады. | ||
5. | Жеке тұлғалар үшін-фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша 5 (бес) жыл біліктілігін немесе сертификаттау курсын арттыру. | Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. | |||
6. | Заңды тұлғаны құрмастан, фармацевтикалық қызметпен айналысуға үміткерлердің жеке тұлғалар үшін фармацевтикалық білімі-жоғары немесе орта білімнен кейінгі фармацевтикалық білімі (үш жылдан кем емес мамандығы бойынша жұмыс өтілі). | Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Бірыңғай жоғары білім платформасы" және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Ұлттық білім беру базасы" цифрлық жүйелерінен 2012 жылдан кейін жоғары немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім туралы құжат алған адамдардың мәліметтерін алады. | ||
| Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына 1-қосымша Нысан |
Медициналық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер ________________________________________________ (денсаулық сақтау субъектісінің атауы) (20___ жылғы "__" ______ жағдай бойынша))
Мыналардың болуын растайтын мәліметтер:
1. Меншік немесе жалға алу шарты немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану шарттары, кемінде 1 жыл мерзімге жасалған немесе мүлікті сенімгерлік басқару немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты құқығындағы үй-жайлар (ғимарат) және көрсетілген үй-жайдың (ғимарат) қабат бойынша жоспары:
Жылжымайтын мүлік объектісін (өндірістік базаны) тіркеу туралы мәліметтер: 1) кадастрлық нөмірі ________________
2) мекенжайдың тіркеу коды________________
3) орналасқан жері ___________________
4) жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі __________________________________
5) жалға алу туралы шарттың немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шартының (несиенің) немесе мүлікті сенімгерлік басқарудың немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының нөмірі__________________
6) жалға алу туралы шарттың немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шартының (несиенің) немесе мүлікті сенімгерлік басқарудың немесе мемлекеттік-жекешілік әріптестік шартының күні__________________ (шарттың мерзімі көрсетілді).
2. Өндірістік базаға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының немесе хабарлама талонының болуы:_______________________________
(тіркеу нөмері, берілген күні, берген орган)
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің цифрлық ресурстарына және Ұлттық электрондық денсаулық паспортына қосылған медициналық цифрлық жүйенің болуы.
4. Медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен құрал-саймандар, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар:
р/с № | Медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен құрал-саймандар, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар атауы (паспорты бойынша) | Өндіруші ел | Өлшем бірлігі | Саны | Шығарылған жылы | Жағдайы (жұмысқа жарамды/жарамсыз) | Технология моделі | Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі | Сериялық/түгендеу нөмірі |
Ескертпе:
* Рұқсат беру бақылауы барысында көрсетілетін қызметті алушы:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жұмыс істеп тұрған медициналық жабдықты көрсетеді;
2) "Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген) нысанға сәйкес пайдалану құжаттарын (нұсқаулықтарды, паспорттарды), оның ішінде өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатты ұсынады;
3) медициналық жабдыққа құқық белгілейтін құжаттарды көрсетеді.
5. Медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білім:
Медициналық білімі туралы мәліметтер:
1) дипломы бойынша мамандағы _________________
2) дипломы бойынша біліктілігі __________________
3) дипломның нөмірі ____________________________
4) дипломның сериясы ____________________________
5) білім беру ұйымының толық атауы ________________
6) түскен жылы __________________________
7) аяқтаған жылы ___________________________
8) дипломды нострификациялау (растау) туралы мәліметтер (қажет болған кезде) ____________________________________________
6. Сертификат негізінде мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша лицензияға қосымша алған кезде мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша (интернатура, резидентура, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру орнының құжаттарды тапсыру сәтінде 5 (бес) жылдан кешіктірмей оқуын аяқтаған түлектерін қоспағанда) мамандығы бойынша маман сертификаты негізінде және (немесе) сертификаттау курсы бойынша соңғы 5 (бес) жыл ішінде біліктілікті арттыру.
7. Мамандық бойынша маманның тиісті сертификаты туралы мәліметтер:
1) мамандық бойынша маман сертификаты берілген мамандықтың атауы _____
2) біліктілік санаты (бар болса) _____________________
3) маман сертификатын берген орган_______________________
4) тіркеу нөмірі ______________________________________
5) берілген күні __________________________________________
6) сертификаттың қолданылу мерзімі___________
Мамандандыру бойынша маманың сертификаты туралы мәліметтер:
1) мамандандыру бойынша маман сертификаты берілген мамандандыру атауы_________________________
2) біліктілік санаты (бар болса) _________________
3) маман сертификатын берген орган ____________________
4) тіркеу нөмір___________________________________
5) берілген күні _____________________________________________
6) сертификаттың қолданылу мерзімі ______________________________
8. Заңды тұлғаларда:
Көрсетілетін қызметті алушының бекітілген штат кестесімен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты:
Медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін)_____________________________
(денсаулық сақтау субъектісінің атауы) (20___ жылғы "__"______ жағдай бойынша).
р/с № | Тегі | Аты | Әкесінің аты (болған жағдайда) | ЖСН | Атқаратын лауазымы | Білімі | Мамандығы бойынша өтілі | Диплом нөмері, сериясы Мамандағы және диплом бойынша біліктілігі |
Білім беру үйымның толық атауы Түскен жылы | Дипломды нострификациялау туралы куәлік (қажет болған жағдайда) |
9. Жеке тұлғаларда (жеке кәсіпкер) – мамандығы бойынша медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша кеміне 5 жыл жұмыс өтілі:
Мәлімделген мамандығы бойынша еңбек қызметі (жеке тұлға үшін):
1) медициналық ұйымның атауы ___________________
2) ұйымның орналасқан жері ___________________________
3) атқаратын лауазымы ___________________________________
4) мәлімделген мамандық бойынша жұмысқа қабылдау күні ____
5) жұмыстан шығарылған күні _______________________________
| Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына 2-қосымша Нысан |
Фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер _____________________________________ (денсаулық сақтау субьектісінің атауы) (20___ жылғы "__"______ жағдай бойынша)
Мыналардың болуын растайтын мәліметтер:
1. Меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімді басқару құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар:
Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы өндірістік база туралы мәліметтер: 1) кадастрлық нөмірі________________
2) орналасқан жері ___________________
3) жалға алу туралы шарттың нөмірі мен күні___________________
4) жалға беруші__________________
5) жалға алудың аяқталу мерзімі__________________
6) үй-жайдың (ғимараттың) мекенжайы______________________
7) жалға алынатын шаршы көлемі_____________________________
2. Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды және өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура; шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін қажет болған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш және басқа да жабдықтары бар автомобиль көлік құралы:
Жабдықтар, аппаратура, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар тізімі:
Медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен құрал-саймандар, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа құралдар атауы (паспорты бойынша) | Өндіруші ел | Өлшем бірлігі | Шығарылған жылы | Жағдайы (жұмысқа жарамды/жарамсыз) |
3. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары туралы мәліметтер:
ТАӘ | Атқаратын лауазымы | Білімі, мамандығы | Мамандығы бойынша өтілі | Соңғы 5 жылда біліктілігін арттырғаны туралы құжат |
4. Жеке тұлғаларда фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі:
Білімі туралы мәліметтер:
1) мамандығы және біліктілігі_____________________
2) жоғары, және техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломның берілген күні______________________________________
3) жоғары және техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломның берілген күні_________________________
4) оқу орнының атауы_________________
5) жұмыс орны_____________________________________
6) лауазымы _______________________________________
7) еңбек өтілі___________________________________
8) жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісінің нөмірі мен күні__________
9) жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күні_________________
5. Жеке тұлғаларда соңғы 5 жылда мәлімделген фармацевтік қызмет түрлері бойынша біліктілігін арттыру немесе сертификаттау курсы:
Қосымша білім туралы мәліметтер:
1. біліктілігін арттырған немесе сертификациялық курсы бойынша мамандығы _____________________
2. оқытатын ұйымның атауы____________________
3. біліктілікті арттыру куәлігінің немесе сертификаттау курсының нөмірі ______________________________________
4. кім берді___________________________________
5. циклдің атауы______________________________________
6. кредиттер (академиялық) сағаттардың саны _____________________
| бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтардың тізбесі
1) "Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10600 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіде жарияланған);
2) "Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-41 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18015 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3) "Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-25 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18513 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған).