Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.10.2026 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз
"Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.10.2026 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру шарттары мен қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.10.2026 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мыналардың:
1) "Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 263 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14840 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 157 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 8-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17559 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
__________________________
2020 жылғы "___" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
_________________________
2020 жылғы "___" _________
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 32 қаулысымен бекітілген |
Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру шарттары мен қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 02.10.2026 № 139 (21.10.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру шарттары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына (бұдан әрі – Кредиттік бюро туралы заң), "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.
2. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беруді (бұдан әрі – рұқсат, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Кредиттік бюро туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда және "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мәндерде қолданылады.
2-тарау. Рұқсат беру тәртібі
3. Заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші, көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін рұқсатты алу үшін уәкілетті органға "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал, өтініш) арқылы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы өтінішті жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.
4. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты аяқталуға екі сағат қалғанда түскен жағдайда, мерзімді есептеу келесі жұмыс күнінен басталады. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері түскен кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау мен тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Өтініш беруші портал арқылы өтініш жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратуды қабылдау туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.
5. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың Кредиттік бюролар туралы заң талаптарына сәйкестігін қарайды және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі – сәйкестік туралы акт) алу үшін уәкілетті органның комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) жібереді.
Ұсынылған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкессіздігі Тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға міндетті.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жіберген күнінен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің ағымы көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім қабылдаған күнінен бастап қайта басталады.
Қағидалардың осы тармағының үшінші бөлігінде көзделген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалары), портал арқылы өтініш және (немесе) құжаттар берілген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда – анықталған кемшіліктер көрсетілетін қызметті беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген тоқтата тұру мерзімі Тізбенің 5-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша қызмет көрсетудің бұдан былайғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш қолданылған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бұдан былайғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің қолданылуы деп төтенше жағдайдың енгізілуі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындау қаупі немесе туындауы түсініледі.
6. Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні тексеруді, сәйкестік туралы актіні дайындау мен қол қоюды жүргізеді.
Сәйкестік туралы актіні Комиссия Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды және тексерілетін кредиттік бюроның өкіліне қол қоюға жіберіледі.
Сәйкестік туралы акті Комиссия мүшелерінің үштен екісінің қолы болған жағдайда жасалған болып саналады.
Комиссия және оның құрамы туралы ереже, сондай-ақ тексеру жүргізу регламенті уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
7. Жауапты бөлімшенің қызметкері Комиссия сәйкестік туралы актіні ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны қарайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды және актіні қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттың жобасын не рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасына қарауға жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы рұқсаттың жобасына не рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасына қол қояды.
Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы рұқсаттың жобасына не рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасына қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сәйкестік туралы актінің электрондық көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында рұқсат беру туралы хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.
8. Рұқсат және сәйкестік туралы актіні уәкілетті орган шектеусіз мерзімге береді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жазбаша түрде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды көрсетілетін қызметті берушінің жоғары тұрған лауазымды адамы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнінің бас әріптері, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту) қол жеткізуге болады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Шағымда:
1) көрсетілетін қызметті алушының толық атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің атауы және (немесе) шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
3) шағым беруші тұлға өзінің талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;
4) шағымның шығыс нөмірі және берілген күні;
5) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі болып табылатын тұлға қол қояды.
12. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Қазақстан Республикасының елтаңбасы Уәкілетті органның толық атауы Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат
Рұқсаттың нөмірі____________ | Берілген күні 20__ жылғы "____" |
___________________________________________________________________________ (кредиттік бюроның толық атауы)
Төраға (Төрағаның орынбасары)
Мөр орны
Алматы қаласы
____________________________________________________________ -ға
(уәкілетті органның толық атауы)
________________________________________________________________-дан
(өтініш берушінің/көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру туралы өтініш
Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың
деректер базасын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың
сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын
талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беруді сұраймын.
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
1. Өтініш берушінің орналасқан жері (нақты мекенжайы)
____________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйдің нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
телефон нөмірі, факсы)
2. Кредиттік бюроның бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), туған күні мен жылы, байланыс
телефондарының нөмірлері), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда)
3. Кредиттік бюроның акционерлері (құрылтайшылары, қатысушылары) туралы
мәліметтер:
жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), туған күні мен
жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда)
______________________________________________________________________;
заңды тұлғалар үшін: толық атауы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
мәліметтер, жарғылық капиталдың мөлшері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болған
жағдайда)
___________________________________________________________________.
4. Толық төленгенін растайтын құжаттардың деректемелерін көрсете отырып,
жарғылық капиталдың мөлшері: төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері
(акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды
қоспағанда)
____________________________________________________________________.
5. Жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің
нөмірі және күні (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды
тұлғалар үшін)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
6. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен
парақтарының саны
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Өтініш беруші өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін
толығымен растайды.
Өтініш беру үшін өтініш беруші уәкілеттік берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол
бар болса), лауазымы
_____________________________________________________________________
(қолы)
Цифрлық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
20___ жылғы "____" ___________
"Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
11. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру |
22. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің (бар болса) атауы | Жоқ |
33. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |
44. | Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
5. | Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Порталға жүгінген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні. Осы мерзім "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабында белгіленген жағдайларда тоқтатыла тұрады. |
66. | Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7. | Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актімен қоса, кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат не кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актімен қоса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
88. | Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
99. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі ас үзілісімен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін; |
110. | Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру шарттары мен қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тілдеріндегі кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру туралы өтініш; |
| Мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес субъектілердің осы санаты үшін тыйым салынған қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру; |
|
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
_____________________________________ (кредиттік бюроның атауы)
кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы
Акт
________________________ | 20__ жылғы "__" _________ |
жасалған орны | берілген күні |
Осы кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді
қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-
жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні мынадай
құрамдағы комиссия жасады:
уәкілетті органның өкілдері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Комиссияның жұмысына кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану
жүйесі қатысушысының өкілдері қатысады:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Комиссия тексерген объектілердің және зерделеген құжаттардың толық сипаты:
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
Кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесі қатысушысының
өкілдері түсіндірмелерінің қысқаша мазмұны:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Комиссияның кредиттік бюроның техникалық және өзге құжаттарын тексеруінен,
оның техникалық үй-жайларын, электрондық-компьютерлік жабдығын, байланыс
жүйелері мен қорғаныш құрылғыларын және кредиттік тарихтарды қалыптастыру
және оларды пайдалану жүйесіндегі жұмысқа арналған өзге объектілерді тексеруінен
мыналар анықталды:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкессіздігі) және ұйымның цифрлық қызметтер
нарығындағы қызметін бастауы (жалғастыруы) үшін жеткіліктілігі (жеткіліксіздігі)
Кредиттік бюро комиссияның актісіне қоса берілетін мынадай техникалық
құжаттаманы және өзге де құжаттарды ұсынды:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Комиссия мүшелері:
________ ____________________________________________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))
__________________________
келісілді (келісілген жоқ)
_____ _______________________________________________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))
__________________________
келісілді (келісілген жоқ)
__________ ___________________________________________________________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))
__________________________
келісілді (келісілген жоқ)
Комиссия жетекшісі:
______________________________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба)