"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) "Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 195 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10704 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 587 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12602 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (Ерназарова З.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі