Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 09.03.2022 № 65 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11148 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шемонаиха ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін;
2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 92 "Көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3915 нөмірімен тіркелген, "ЛЗ Сегодня" газетінде 2015 жылғы 6 мамырда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Шемонаиха ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.А. Горьковойға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шемонаиха ауданының әкімі | Г. Акулов |
| Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "____" _________ № ____ қаулысына қосымша |
Шемонаиха ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындары
№ | Әкімшілік-аумақтық бірлік атауы | Орналасқан жері |
1 | Шемонаиха қаласы | - "Восточный" базары мен 4 ықшам ауданы, 10-үй мекенжайы арасындағы алаң. - Б. Момышұлы 41 "А" көшесі бойында "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаңша. |
2 | Первомайский кенті | - "У дороги" кафесіне қарсы, Первомайский кентінен Шемонаиха қаласына сол жаққа қарай шығаберісте орналасқан Өскемен-Шемонаиха жолы. - "Первомайский" базарының алдында, базар қоршауынан 5 метр қашықтықта, автобекеттен 25 метр қашықтықта және Жамбыл көшесінің жүргін бөлігінен 10 метр қашықтықта орналасқан аумақта. |
3 | Усть-Таловка кенті | - Ш. Уәлиханов көшесі 2А, "Жұлдыз" спорт клубының аумағы. - Школьный көшесі, 50 "Уба" шипажайының үшінші корпусының жанында орналасқан алаңша. |
4 | Вавилон ауылдық округі | - Камышинка ауылы, Советский көшесі, шығыс бөлігі – "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарсы 10 метр қашықтықта орналасқан алаң. – Сугатовка ауылы, Восточный көшесі 1, оңтүстік бөлігі – "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарсы 10-15 метр қашықтықта орналасқан алаң. – Пруггерово ауылы, Школьный көшесі, оңтүстік бөлігі – "Достық" дүкеніне қарсы 5 метр қашықтықта, Школьный көшесі № 33 тұрғын үйден 5 метр қашықтықта. |
5 | Верх-Уба ауылдық округі | - Верх-Уба ауылы, Мир көшесі, 5, орталық алаң ауданы, Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштен батысқа қарай 50 метр қашықтықта. |
6 | Волчанка ауылдық округі | - Волчанка ауылы, Победа көшесі, 9/2 "Фирсов И.Г." жеке кәсіпкердің дүкені және Победа көшесі, 16 екі қабатты үйдің жанындағы учаскеде. - Большая Речка ауылы, Бастау көшесі, 30 "Зиновьев В.В." жеке кәсіпкердің "Орион" дүкені жанындағы жер учаскеде. |
7 | Выдриха ауылдық округі | - Выдриха ауылы, Центральный көшесі, 92 "Выдрихинское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Мәдениет үйі" ғимаратынан 100 метр қашықтықта орналасқан алаңда. - Межовка ауылы, Школьный және Худяков көшелері қиылысындағы алаңда. |
8 | Зевакино ауылдық округі | - Зевакино ауылы, Строительный көшесі, 6 "Зевакино ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратынан 50 метр оңтүстікке қарай; - Убинка ауылы, "ВК Житница" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратынан 50 метр қашықтықта. |
9 | Каменевский ауылдық округі | - Рассыпное ауылы, Казахстанский көшесі, "Любимый" дүкенінің жанындағы аумақ; - Рулиха ауылы, Центральный көшесі, "Лидер" дүкенінің жанындағы аумақ. |
10 | Октябрьский ауылдық округі | - Октябрьское ауылы, Зубко көшесі, 1 "Шемонаихинское" шаруа қожалығы асханасының жанындағы аумақ. |
11 | Разин ауылдық округі | - Красная Шемонаиха ауылы, Кооперативный көшесі, 17, "Белокаменское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі асханасының жанында. |