Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 20.10.2020 № 4/438 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1207 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қазанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
4 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9 тармағында көзделген өтінішті алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.";
5 тармақтың 1 тармақшасы тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1) Орталықтың маманы 45 (қырық бес) минут ішінде Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштерді тіркейді, "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі - АЖ) сұрау салуларды қалыптастырады, қағаз жеткізгіште құжаттар топтамасын немесе өтініш берушінің электронды құжаттар топтамасын қалыптастырады және оны өзінің қолтаңбасымен немесе электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырады және Орталық басшысына бұрыштама қою үшін береді.
АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда Орталық тиісті мемлекеттік органға жазбаша сұрау салуды ресімдейді, сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш иесін осы туралы жазбаша хабардар ете отырып, құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады;";
6 тармақтың 1 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1) өтінішті тіркеу, сұрау салуды, құжаттар топтамасын қалыптастыру және Орталық басшысына қарауға жіберу;";
8 тармақтың 1 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1) Орталықтың маманы 45 (қырық бес) минут ішінде Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштерді тіркейді, "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті АЖ-ға сұрау салуларды қалыптастырады, қағаз жеткізгіште құжаттар топтамасын немесе өтініш берушінің электронды құжаттар топтамасын қалыптастырады және оны өзінің қолтаңбасымен немесе ЭЦҚ-мен куәландырады және Орталық басшысына бұрыштама қою үшін береді.
АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда Орталық тиісті мемлекеттік органға жазбаша сұрау салуды ресімдейді, сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш иесін осы туралы жазбаша хабардар ете отырып, құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады;".
2. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Тұяқбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |