Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 24.10.2025 № 235/41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидалары мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 24.10.2025 № 235/41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы "Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" № 143/17 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5695 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 қарашада "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланған күнінен кейін "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 24.10.2025 № 235/41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | А. Горохов |
| Ақсу қалалық | |
| мәслихатының хатшысы | М. Омарғалиев |
| Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 6 қарашадағы № 362/50 шешіміне қосымша |
Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін
мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт
және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен
көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша
әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидалары мен мөлшері
Ескерту. Қосымша жана редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 24.02.2020 № 393/57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.10.2025 № 235/41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 - бабы 5 - тармағына сәйкес әзірленді және Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі - мамандар) бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланады:
1) ағымдағы шот – банктік шот шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банктік шот;
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер.
3. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) жүзеге асырады.
2-тарау. Бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу
және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
4. Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау, алушылардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен ақшалай нысанда көрсетіледі.
5. Мамандарға әлеуметтік қолдау күнтізбелік жылда бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ақсу қаласының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
7. Мамандарға коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізімді алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
8. ММ қызметкері денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдардың тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.
9. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары ұсынатын тізімдер сәйкес келмеген жағдайда ММ мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын алдын ала қабылданған шешім туралы, әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ маманға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тізімдерді қарау нәтежелері бойынша ескертулер болмаған жағдайда ММ оң шешім қабылдап, мамандардың ағымдағы шоттарына коммуналдық қызметтерді төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау төлемдерін жүргізеді.