Павлодар облысының аумағында қарантиндік режимді енгізе отырып, қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантинді аймақ белгілеу туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 193/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 маусымда № 6444 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысының аумағында қарантиндік режимді енгізе отырып, қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантинді аймақ белгіленсін.

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы "Павлодар облысының аумағында қарантиндік режимді енгізуге байланысты жұпсыз жібек көбелегі мен қара қарағай мұртты қоңызы бойынша карантинді аймақ белгілеу туралы" № 357/12 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4226 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Т. Нүкеновке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2019 жылғы "24" маусымдағы
№ 193/2 қаулысына
қосымша

Павлодар облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып,
қарағайдың қара мұртты қоңызы бойынша карантинді аймақтар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімдігінің 18.08.2025 № 232/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Облыстың қалалары мен аудандары

Ауылдық округ

Таратылу шекарасы

Алаңы, га

1.

Аққулы

Малыбай

Көкжал орманшылығы, 99 орам

20

Аудан бойынша барлығы:


20

2.

Баянауыл

Баянауыл

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Жасыбай орманшылығы, 48 орам

2

Аудан бойынша барлығы:


2

3.

Шарбақты

Галкин

Мемлекеттік жер қоры

20

Аудан бойынша барлығы:


20

Облыс бойынша барлығы:


42

     

Об установлении карантинной зоны по черному сосновому усачу с введением карантинного режима на территории Павлодарской области

Постановление акимата Павлодарской области от 24 июня 2019 года № 193/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 25 июня 2019 года № 6444

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 9-1 Закона Республики Казахстан от 11 февраля 1999 года "О карантине растений", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить карантинную зону по черному сосновому усачу с введением карантинного режима на территории Павлодарской области согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Павлодарской области от 2 декабря 2014 года № 357/12 "Об установлении карантинной зоны по непарному шелкопряду и черному сосновому усачу с введением карантинного режима на территории Павлодарской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4226, опубликовано 30 декабря 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Государственному учреждению "Управление недропользования, окружающей среды и водных ресурсов Павлодарской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Павлодарской области.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Нукенова К. Т.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Б. Бакауов

  Приложение
к постановлению акимата
Павлодарской области
от "24" июня 2019 года № 193/2

Карантинные зоны по черному сосновому усачу с введением
карантинного режима на территории Павлодарской области

      Сноска. Приложение - в редакции постановления акимата Павлодарской области от 18.08.2025 № 232/1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Города и районы области

Сельский округ

Границы распространения

Площадь, га

1.

Аққулы

Малыбайский

Кокжальское лесничество, квартал 99

20

Итого по району:


20

2.

Баянаульский

Баянаульский

Баянаульский государственный национальный парк, Жасыбайское лесничество, квартал 48

2

Итого по району:


2

3.

Щербактинский

Галкинский

Земли государственного запаса

20

Итого по району:


20

Итого по области:


42