Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 09.06.2026 № 59 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 09.06.2026 № 59 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Жангелдин ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 7 маусымдағы № 58 қаулысының (2018 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7907 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Жангелдин ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жангелдин ауданы әкімдігінің | |
| 2019 жылғы 2 тамыздағы | |
| № 105 қаулысына | |
| қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 09.06.2026 № 59 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы (директор),
2) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының меңгерушісі (басшысы),;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
5) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.
2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
4) библиограф;
5) кітапханашы;
6) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
7) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
8) музыкалық жетекші;
9) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
10) хореограф;
11) дыбыс режиссері;
12) барлық мамандық мұғалімдері;
13) режиссер;
3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) спорт-нұсқаушы;
| 2) спорт-әдіскер. |