Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 06.05.2021 № С-6/12 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы өзгерістер енгізу туралы" № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17634 тіркелген) сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5956 тіркелген, 2017 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 34-ші кезекті сессиясының төрағасы |
М.Елюбаев |
|
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Ж.Абишев |
"КЕЛІСІЛДІ"
| Көкшетау қаласының әкімдігі |
| Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № С-34/15 шешіміне қосымша |
|
| Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/9 шешіміне қосымша |
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
Р/с № | Коммуналдық қалдықтар түзілетін және жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жылдық түзілу және жинақталу нормасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,80 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,00 |
3 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар |
1 орын |
1,40 |
4 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,00 |
5 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,29 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,60 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,013 |
8 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,15 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын |
0,07 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 2,00 |
11 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар | 1 орын | 0,20 |
12 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
13 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,02 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,30 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,10 |
16 |
Өнеркәсіптік дүкендер, | Сауда алаңы 1 м2 | 0,70 |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,50 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,24 |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,24 |
20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,45 |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,60 |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,20 |
23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,40 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар |
1 машина-орын |
0,50 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,35 |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 1,20 |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 3,60 |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,45 |
29 | Зергерлік, аяқкиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,45 |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,45 |
31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,45 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,00 |