Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 26.08.2025 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесінде:
14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы шығындарды қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөлінісінде анықталады.
і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есептік шығындарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шығындар есепке алынады.
Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі,
мұнда:
КШі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есептік шығындары;
k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы.
Республикалық бюджет пен облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k шамасы 6,5% тең болады.
15. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық ара қатынаста жылдар бөлінісінде, өңірдің экономикалық белсенділік деңгейін (жалпы өңірлік өнімнің нақты өсуі) ескере отырып айқындалады.
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі:
БДБШі = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі) + (( r1 * ЕШі) + ( r2* КБКі))*K,
мұндағы:
БДБШі – і-облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;
ЕШі – і-облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есептік шығындары;
КБКі – і-облысы (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) кірістерінің болжамды көлемдері;
K – ол ынталандыру коэффициенті, бюджеттік субвенциялар белгіленген өңірлер үшін қолданылады және орта мерзімді кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілейтін, заң жобасын әзірлеу жылының алдындағы өткен үш жылдағы жалпы өңірлік өнімнің нақты өсуінің орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады.
Үш жылдық кезеңде жалпы өңірлік өнім өсуінің үш жылдағы орташа мәні теріс болған жағдайда К коэффициентінің мәні 0-ге теңеледі.
r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
16. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы:
республикалық бюджет пен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін – Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Бұл ретте, r2 мөлшері бюджеттік алып қоюлар белгіленген өңірлер үшін және бюджеттік субвенциялар белгіленген өңірлер үшін жеке айқындалады.";
Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесіне қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Р. Даленов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 80 бұйрығына қосымша |
|
Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесіне қосымша |
Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі
Функционалдық кіші топтардың атауы | Көрсеткіштер | Коэффициенттер |
1 | 2 | 3 |
1. Жалпы сипаттағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер | ||
Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар | Тұрақты халық саны |
қоныстандыру дисперсиялығы; |
Қаржы қызметі |
қоныстандыру дисперсиялығы; | |
Жоспарлау және статистикалық қызмет |
қоныстандыру дисперсиялығы; | |
Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер |
қоныстандыру дисперсиялығы; | |
2. Қорғаныс | ||
Әскери қажеттіліктер | 18-ден бастап 26 жасты қоса алғандағы әскерге шақырылатын жастағы ер азаматтар |
қоныстандыру дисперсиялығы; |
Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру | Тұрақты халық саны | жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
3. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | ||
Құқық қорғау қызметі | Тұрақты халық саны |
ауқым; |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік саласындағы өзге де қызметтер | Тұрақты халық саны |
ауқым; |
4. Білім беру | ||
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 1-5 жастағы балалар саны |
урбандалу; |
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру | 6-18 жастағы балалар саны |
шағын жинақталған мектептегі оқушыларды есепке алу; |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім | 14-тен 18 жасқа дейінгілер |
урбандалу; |
Мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру | Тұрақты халық саны |
урбандалу; |
Білім беру саласындағы өзге де қызметтер | Тұрақты халық саны |
тығыздық; |
5. Денсаулық сақтау | ||
Халықтың денсаулығын қорғау | Тұрақты халық саны |
тығыздық; |
Мамандандырылған медициналық көмек | жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу | |
Емханалар |
урбандалу; | |
Медициналық көмектің басқа түрлері |
тығыздық; | |
Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер |
тығыздық; | |
6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру | ||
Әлеуметтік қамсыздандыру | 6-18 жастағы балалар саны және зейнеткерлік жасынан асқан халық саны |
қоныстандыру дисперсиялығы; |
Әлеуметтік көмек | Тұрақты халық саны |
қоныстандыру дисперсиялығы; |
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де қызметтер |
қоныстандыру дисперсиялығы; | |
7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы | ||
Тұрғын үй шаруашылығы | Тұрғын үй қорының жалпы ауданы (мың шаршы метр) |
урбандалу; |
Коммуналдық шаруашылық | Тұрақты халық саны |
урбандалу; |
Елді мекендерді көркейту |
тығыздық; | |
8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | ||
Мәдениет саласындағы қызмет | Тұрақты халық саны |
урбандалу; |
Спорт |
урбандалу; | |
Ақпараттық кеңістік |
урбандалу; | |
Туризм | Туризм, тәулігіне төсек орын саны | жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Мәдениетті, спортты, туризмді және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер | Тұрақты халық саны |
урбандалу; |
10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | ||
Ауыл шаруашылығы | Ауыл шаруашылығы өнімінің әлеуетті көлемі | жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Су шаруашылығы | Суды тұтыну (миллион текше метр) | жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Орман шаруашылығы | Мемлекеттік орман күзетінің нормативтік саны |
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; |
Қоршаған ортаны қорғау | Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары |
урбандалу; |
Жер қатынастары | Аумақтың ауданы (мың шаршы километр) | жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер | Тұрақты халық саны |
ауқым; |
11. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | ||
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | Тұрақты халық саны |
урбандалу; |
12. Көлік және коммуникация | ||
Автомобиль көлігі | Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (километр) |
урбандалу; |
Көлік және коммуникация саласындағы өзге де қызметтер | Жолаушылар айналымы (миллион жолаушы-километр) |
урбандалу; |
13. Басқалар | ||
Экономикалық қызметті реттеу | Тұрақты халық саны | жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау | Өңірдің жалпы өңірлік өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі | жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Басқалар | Тұрақты халық саны | жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |