БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Дәленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 34 бұйрығымен бекітілді |
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:
"49-1) мультипликативтік әсер – тиісті салаға бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру кезінде экономиканың дамуына ықпал ету;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысы:
1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын, сондай-ақ қолданыстағы көрсетілетін және ұсынылатын қызметтерді салыстырмалы талдауды;
2) МИЖ-ді іске асырудан экономиканың сабақтас салаларына (аяларына) болжамды мультипликативтік әсерін, оның ішінде бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалын;
3) проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезінде қаралған, шетелдік тәжірибені ескере отырып, оны шешудің оңтайлы жолы ретінде МИЖ-ді таңдаудың негіздемесі бар балама нұсқаларды;
4) МИЖ басқарудың болжанатын институционалдық схемасының негізділігін (негізгі қатысушылар, олардың өзара іс-қимылының схемасы, баланс ұстаушылардың пайдалары мен шығындарын бөлу, инвестициялық және инвестициялаудан кейінгі кезеңдерде БИЖ-ді басқару схемасы);
5) жоба бойынша болжанатын тәуекелдерді (қаржылық, операциялық, техникалық, кредиттік, нормативтік-құқықтық, технологиялық, маркетингтік, нарықтық, коммерциялық, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер) және оларды азайту жөніндегі іс-шараларды;
6) МИЖ-дің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкестігін;
7) МИЖ көлемінің негізділігін;
8) мемлекеттік инвестициялардың қажеттілігіне байланысты МИЖ-ді іске асыру тетігін басымдықпен таңдау негізділігін бағалауды қамтиды.
Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді қажет етпейтін, ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның салалық қорытындысы ақпараттық жүйелерді дамытуға арналған шығындардың нормативтеріне сәйкес келетін есептеулер мен негіздемелерді қамтиды.
Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалардың құны ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның салалық есебінің бөлігі ретінде ұсынылған есептеулер мен негіздемелер негізінде расталады.";
54-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;"
"9) БИЖ іске асырылған және іске асырылмаған жағдайдағы экономика салаларына (аяларына) болжамды мультипликативтік әсерін, оның ішінде бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалын;";
138-тармақтың 3) тармақшасының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Салалық сараптаманың қорытындысы мыналарды:
саладағы қазіргі ахуалдың талдауын бағалауды;
Инвестициялар ҚЭН-інде көрсетілген іс-шаралар іске асырылмаған жағдайда саладағы ахуалдың талдауын бағалауды;
Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларын іске асырудың саланы дамытуға әсерін сандық және сапалық көрсеткіштерді келтіре отырып және мыналарды:
Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының сала экономикасының құрылымындағы рөлі мен орнын;
Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асырудың орналасқан орнын таңдау мен ауқымының негізділігін;
Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асырудың мүмкіндігін;
Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шаралары бойынша техникалық шешімдердің жеткілікті болуын және олардың тиімділігінің бағасын көрсете отырып, бағалауды;
экономиканың сабақтас салаларына (аяларына) болжамды мультипликативтік әсерін, оның ішінде бюджеттің кіріс бөлігін толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалын бағалауды;
Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін, оңтайлы жаңа технологиялардың қолданылуын бағалауды;
Инвестициялар ҚЭН-і іс-шараларының мақсаттарына қол жеткізудің баламалы нұсқаларын бағалауды;
бар болған жағдайда "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 28-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салалық уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру шығындарының негізділігін қамтиды.";
3 және 3-1-қосымшалар 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 27.05.2025 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды"
1. | Жоба бойынша жалпы ақпарат |
1.1 | Мемлекеттік инвестициялық жобаның атауы |
1.2 | Жобаның қуаты (өлшем бірлігі) |
1.3 | Іске асырылу кезеңі (жыл) |
1.4 | Пайдаланылу кезеңі (жыл) |
1.5 | Жобаның іске асырылуын негіздеу (салалық сараптама қорытындысына сәйкес) |
1.6 | Қаржыландыру тетіктері және көлемі (пайдалануға берілгенге дейінгі барлық шығындар) (мың теңге) |
1) | Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу (түзету) құны (мың теңге) |
2) | Жерді сатып алу құны (мың теңге) |
3) | Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік міндеттемелер лимиттерінің шегінде мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі (жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік ретінде іске асырылған жағдайда) |
1.7 | Бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарына сәйкестігі |
1.8 | Ұсынылған құжаттаманың болуы |
2. | Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының ережелеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкестігі (құжаттың деректемелерін көрсету) |
3. | Жобаны басқарудың институционалдық схемасы (іске асырылу барысында, сол сияқты инвестициялықтан кейінгі кезеңдегі барлық жобаға қатысушылар туралы ақпарат, олардың өзара іс -қимылдары) |
4. | Түпкілікті нәтиженің өлшенетін (сандық) көрсеткіштерінің болуы |
5. | Тәуекелдерді бағалау тұрғысынан жобаны іске асыру мүмкіндігі |
6. | Мемлекеттік инвестициялық жоба құнын есептеудің негізділігі |
7. | Мемлекеттік инвестициялардың қажеттілігіне байланысты мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру тетігін басымдықпен таңдау негізділігі |
Тұжырымдар (мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ықтимал түрі мен тәсілдерін, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асырудың орындылығын айқындау).
Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесі
1. Мемлекет үшін басқалардың арасында мыналар:
экономиканың әлеуметтік маңызы бар бірқатар салаларын дамытуға арналған бюджет қаражатының тапшылығы;
бюджеттерді толтыру үшін салықтарды көтеру мүмкіндігінің жоқтығы;
бюджеттердің кірістерін ұлғайту мақсатында мемлекеттік қарыз алуды пайдалануға қойылатын шектеулер;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасына халықтың наразылығы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын (бұдан әрі – МЖӘ) іске асыру үшін негізгі алғышарттар болып табылады.
2. Бюджет кірістерін ұлғайту, бюджет шығыстарын қысқарту (ұлғайту емес) үшін салықтарды арттыру призмасы арқылы бюджет қаражатын тиімді басқару мемлекеттің МЖӘ жобаларына қатысуының негізгі өлшемшарттары, яғни, жобалардың бюджет тиімділігінің өлшемшарты, сондай-ақ МЖӘ тетіктері арқылы мемлекеттік инвестициялық жобаны (бұдан әрі – МИЖ) іске асырудың заңнамалық мүмкіндігі болып табылады.
3. Жобаларды алғашқы іріктеу инвестициялар объектісін МЖӘ-ге беру бойынша шектеулердің болмауы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларға деген қажеттіліктің болу өлшемшарттары сияқты заң өлшемшарттары негізінде жүзеге асырылады.
Егер инвестициялар объектісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесіне енгізілсе, онда жобаның бюджеттік инвестициялар арқылы іске асырылуы қаралады.
Мемлекеттік инвестициялардың қажеттілігіне байланысты мемлекеттік инвестициялық жобалар мынадай басымдықпен қаралады:
1) МЖӘ жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігін көздейтін жобалардан басқа бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемді талап етпейтін жобаның МЖӘ арқылы іске асырылуы қаралады;
2) бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемді талап ететін жобаның бюджеттік инвестициялар арқылы іске асырылуы қаралады;
3) бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемді талап ететін жобаның МЖӘ арқылы іске асырылуы қаралады.
4. Экономикалық сараптама екі деңгейден тұрады:
экономикалық сараптаманың бірінші деңгейі МИЖ-дің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін, сондай-ақ жобаны іске асыру жеделдігін бағалаудан тұратын "МИЖ басымдығы" деген көрсеткішті бағалау тұрғысынан жүргізілетін болады. Жобаны іске асырудың жеделдігі болған жағдайда жобаны бюджеттік инвестициялар арқылы іске асыру қаралады.
Ойын-сауық қызметтерін көрсетуге, ойын бизнесіне, шаштараз бен косметикалық көрсетілетін қызметтер салондарына, монша-сауықтыру кешендеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарына және басқа да салаларға бағытталған жобалар мемлекеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы іске асырылмайды.
Егер құжаттаманы әзірлеуге және сараптама жасауға жұмсалатын шығындар жобаны іске асыру құнынан жоғары болса, онда МИЖ МЖӘ тетігі арқылы қаралмайды.
екінші деңгей, шығындар мен пайданы талдау әдісімен мынадай формула бойынша бюджет тиімділігінің коэффициентін айқындау:
, мұнда:
Кбэ – бюджет тиімділігінің коэффициенті;
ДБбиj – j кезеңінде бюджеттік инвестициялық жоба не мемлекеттің жарғылық капиталға қатысуы арқылы жобаны іске асырудан мемлекеттік (республикалық, сонымен бірге жергілікті) бюджетке түскен түсімдер;
РБбиj – j кезеңінде жобаны іске асыруға жұмсалатын қаражат (инвестициялық, сондай-ақ пайдалануға беру кезеңінде);
ДБгчпj – j кезеңінде МЖӘ арқылы жобаны іске асырудан мемлекеттік (республикалық, сонымен бірге жергілікті) бюджетке түскен түсімдер;
РБгчпj – j кезеңінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер;
Ст – дисконттау мөлшерлемесі.
Дисконттау мөлшерлемесінің мәнін инвестициялық ұсынысты әзірлеу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мәніне тең не Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес болжамдалған инфляцияның орташа мәніне тең таңдау ұсынылады.
Егер Кбэ > 0, онда МИЖ-ді бюджеттік инвестициялар ретінде іске асыру қаралады;
Егер Кбэ ≤ 0, онда МИЖ ең алдымен МЖӘ жобасы ретінде іске асыру қаралады.
Егер МИЖ бюджет тиімділігі коэффициентінің теріс мәні болса және МЖӘ жобасы арқылы қарау қажеттілігі туындаса, жобаның өтімділік мерзімі мына формула бойынша есептеледі:
ІC (Іnvest Capіtal) – жобадағы алғашқы инвестициялық шығындар;
CFі (Cash Flow) – таза пайда мен амортизация сомасы болып табылатын уақыттың і-ші кезеңінде жобадан түсетін ақша ағыны.
Ақша ағынын есептеу үшін мына формулаларды қолдану қажет:
немесе
CFі = Кіріс – Операциялық шығасылар – Салықтық төлемдер және қарыз капиталы бойынша төлемдер, мұнда:
А (Amortіzatіon) – амортизация, шығын болып табылмайтын ақша ағынының түрі;
NP (Net Profіt) – инвестициялық жобаның таза пайдасы.
Пруденциялық нормативтер не ковенанттар бойынша шектеулер болмаған кезде жоба бюджеттік кредит арқылы қаржыландырылады.
5. Егер МИЖ-ді МЖӘ жобасы ретінде іске асыру қаралмаса, онда қаржыландыру сызбасын айқындау мына алгоритм негізінде жүзеге асырылады:
егер инвестициялар объектісі квазимемлекеттік сектор субъектісінің балансында болса, онда жоба заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы не бюджеттік кредиттеу арқылы бюджеттік инвестициялар ретінде іске асырылуы қаралады;
егер инвестициялар объектісі мемлекеттік мекеменің балансында болса, онда жоба бюджеттік инвестициялық жоба ретінде іске асырылуы қаралады;
тікелей қаржы кірісі болмаған кезде не егер негізгі пайда алушы мемлекеттік мекеме болып табылса, МИЖ БИЖ ретінде іске асырылады;
егер жобаның инвестициядан кейінгі кезеңдегі (пайдалану) негізгі кірісі мемлекеттік бюджет есебінен қалыптастырылса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (қатысу үлесінің ұлғаюы) арқылы іске асырылады;
егер негізгі кіріс мемлекеттік бюджет есебінен қалыптастырылмаса, бірақ заңды тұлғаның мемлекеттік кәсіпорынның не коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны болса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (қатысу үлесінің ұлғаюы) арқылы іске асырылады;
жоғарыда аталғандарға сәйкес келмеген жағдайларда заңды тұлғаның қаржылық көрсеткіштеріне қосымша тексеру жүргізіледі.
Осылайша, егер заңды тұлғаның пруденциялық нормативтер не бұрын жүзеге асырылған, бірақ өтелмеген қарыздар ковенанттары бойынша шектеулері бар болса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (қатысу үлесінің ұлғаюы) арқылы іске асырылады.
Пруденциялық нормативтер не ковенанттар бойынша шектеулер болмаған кезде жоба бюджеттік кредит арқылы қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 34 бұйрығына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 27.05.2025 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 34 бұйрығына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.