Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 11.03.2024 № 01-03/VIII-19/1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 шілдедегі "Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" №28-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-162 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 11 тамызда "Достық" газетінде және 2018 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.";
аталған шешіммен бекітілген "Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінің":
1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Осы Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39–3–бабының 3-1-тармағына, "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №295 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15630 нөмірімен тіркелген) сәйкес әзірленді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Ф.Мұхаметқалиев |
| Аудандық мәслихат хатшысы | Д.Ыдырышев |