Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 26 сәуірдегі қорытындысы негізінде және Шағалалы ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Шағалалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі Шағалалы ауылының:
Карл Маркс көшесі Владимир Макаренко көшесі;
Коммунальная көшесі Достық көшесі;
Ленин көшесі Астана көшесі;
Октябрь көшесі Вадим Буторин көшесі;
Советская көшесі Аққайың көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Шағалалы ауылдық округінің әкімі |
Г. Добромирова |