Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-10 "Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3963 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 23 желтоқсанда жарияланған);
2) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2017 жылғы 22 маусымдағы № 12-3 "Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-10 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4253 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 19 шілдеде жарияланған).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының ХХVI сессиясының төрайымы |
Ә. Ақмамбаева |
|
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы |
С. Мұқанов |