"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың келесі:
2010 жылғы 7 шілдедегі № 189 "Қызметін Әулиекөл ауданының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-121 тіркелген, 2010 жылғы 12 тамызда "Әулиекөл" газетінде жарияланған);
2016 жылғы 29 қарашадағы № 70 "Әулиекөл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6761 тіркелген, 2016 жылғы 29 желтоқсанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кезектен тыс сессияның төрағасы | Ю. Волков |
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | Д. Қойшыбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Әулиекөл ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
__________ Нұрахметова Г.К.
КЕЛІСІЛДІ
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ Бекмурзин А.Т.