"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармағына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 тамыздағы №3 қорытындысына сәйкес Жосалы кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің "Тәуелсіздік" ықшам ауданынындағы келесі көшелеріне:
1) атауы жоқ №16 көшеге "Әбен Тоғызбаев" есімі;
2) атауы жоқ №18 көшеге "Рабиға Шалабаева" есімі;
3) атауы жоқ №10 көшеге "Желтоқсан" атауы;
4) атауы жоқ №11 көшеге "Бәйтерек" атауы;
5) атауы жоқ №12 көшеге "Мәңгілік Ел" атауы;
6) атауы жоқ №13 көшеге "Түркістан" атауы;
7) атауы жоқ №14 көшеге "Астана" атауы;
8) атауы жоқ №15 көшеге "Жібек жолы" атауы;
9) атауы жоқ № 19 көшеге "Байқоңыр" атауы;
10) атауы жоқ №20 көшеге "Жерұйық" атауы;
11) атауы жоқ №21 көшеге "Өркениет" атауы;
12) атауы жоқ №22 көшеге "Қызылорда" атауы берілсін.
2. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің қайталанатын келесі тұйық көшелері:
1) "Бауыржан Момышұлы" тұйық көшесі "Сырлытам" көшесі;
2) "Батыс" тұйық көшесі "Жетіасар" көшесі;
3) "Қармақшы" тұйық көшесі "Ақмешіт" көшесі;
4) "Нұртай Жайсаңов" тұйық көшесі "Сортөбе" көшесі;
5) "Шығыс" тұйық көшесі "Сейхун" көшесі;
6) "Балқы Базар" тұйық көшесі "Жанкент" көшесі;
7) "Тайшық би" тұйық көшесі "Қызылқұм" көшесі;
8) "Үсен Томанов" тұйық көшесі "Бестам" көшесі;
9) "Қазан" тұйық көшесі "Қарөзек" көшесі;
10) "Әбдіуәли Жаназаров" тұйық көшесі "Алтынасар" көшесі;
11) "Қабылан батыр" тұйық көшесі "Шірік-Рабат" көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жосалы кенті әкімінің орынбасары А.Қойшыбаевқа жүктелсін.
4. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жосалы кентінің әкімі | Ш.Сыдықов |