Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 14.02.2019 № 19-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 95-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5888 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 шілдеде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 1, 2 және 3 – қосымшалары осы қаулының қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Арал ауданы әкімдігінің "16" мамыр 2018 жылғы № 321-қ қаулысына 1- қосымша | |
| Арал ауданы әкімдігінің "13" маусым 2017 жылғы № 95-қ қаулысына 1- қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Құланды" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 2 | 1 |
| Арал ауданы әкімдігінің "16" мамыр 2018 жылғы № 321-қ қаулысына 2- қосымша | |
| Арал ауданы әкімдігінің "13" маусым 2017 жылғы № 95-қ қаулысына 2- қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Арал құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 56 | 2 | 1 |
| Арал ауданы әкімдігінің "16" мамыр 2018 жылғы № 321-қ қаулысына 3- қосымша | |
| Арал ауданы әкімдігінің "13" маусым 2017 жылғы № 95-қ қаулысына 3- қосымша |
Ата-анасынан кәмілеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | Қазақстан "Спартак" дене тәрбиесі-спорт қоғамы Республикалық қоғамдық бірлестігі Арал филиалы | 50 | 2 | 1 |