Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақадыр кентіндегі:
"931 км" көшесі – "Достық" көшесіне;
"Автомобилистов" көшесі – "Бастау" көшесіне;
"Аэродромная" көшесі – "Болашақ" көшесіне;
"Горем–29" көшесі – "Сарыарқа" көшесіне;
"Деповская" көшесі – "Ақжол" көшесіне;
"Железнодорожная" көшесі – "Теміржолшылар" көшесіне;
"Московская" көшесі – "Айыртау" көшесіне;
"Пекарская" көшесі - "Аманат" көшесіне;
"Первомайская" көшесі – "Ынтымақ" көшесіне;
"Пионерская" көшесі – "Балауса" көшесіне;
"Победа" көшесі – "Жеңіс" көшесіне;
"Почтовая" көшесі – "Азаттық" көшесіне;
"Правда" көшесі – "Ырыс" көшесіне;
"Пролетарская" көшесі – "Алаш" көшесіне;
"Путейская" көшесі – "Ақтасты" көшесіне;
"Рабочая" көшесі – "Жұмыскер" көшесіне;
"Северная" көшесі – "Бірлік" көшесіне;
"Средняя" көшесі – "Сарысу" көшесіне;
"Станционная" көшесі – "Мәншүк Мәметова" көшесіне;
"Тепловозная" көшесі – "Нұрлы жол" көшесіне;
"Целинная" көшесі – "Жібек жолы" көшесіне;
"Школьная" көшесі – "Ахмет Байтұрсынов" көшесіне;
"Мира" көшесі – "Бейбітшілік" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақадыр кенті әкімнің орынбасары Қ. Бекқожинге жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақадыр кентінің әкімі: | Д. Карсембаев |