Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің 12.12.2018 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 26 шілдедегі № 6 ұсынысының негізінде, Балпық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданының Балпық ауылдық округінің Жаңаталап ауылындағы Ильин, Қантбай Үсенов көшелерінің № 2 отарында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімін орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Балпық ауылдық округінің әкімі | Р. Тасыбаев |