Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 29.12.2023 № 123 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 2 наурыздағы № 404 "Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4826 тіркелген, 2016 жылдың 28 сәуірінде аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2 тармақта 11), 12), 13), 14) тармақшалары алынып тасталсын;
4 тарау алынып тасталсын;
8 тармақтың 3) тармақшасында "және он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алатындарға" сөздері алынып тасталсын;
10 тармақтың 3) тармақшасында "және әлеуметтік келісім шарт негізінде көрсетілетін ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,6 мөлшерінен (күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан)" сөздері алынып тасталсын;
21 тармақта "әлеуметтік келісім шарт негізінде әлеуметтік көмек алу" сөздері алынып тасталсын;
22 тармақта 10 саны алынып тасталсын;
42 тармақта "немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң" сөздері алынып тасталсын;
13, 14, 15, 20, 28, 29, 30 және 31 тармақтары алынып тасталсын;
3, 4, 8, 9, 10, 11, 12, 13 қосымшалары алынып тасталсын;
9 тармақ келесідей мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
"11) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі шекте";
12 тармақтың 4) тармақшасында 15 000 (он бес мың) саны 20 000 (жиырма мың) санымен ауыстырылсын;
7) тармақшасында 30 000 (отыз мың) саны 36 000 (отыз алты мың) санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
| Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | Ж. Кольжанов |
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | Н. Заглядова |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы | Қ. Отаров |