Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 шілдедегі № 143 "Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3621 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған), мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасының 1-тармағында, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" қаулысының," сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Ғ. ЛАТЫПОВ |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |