РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданы бойынша 2018 - 2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 12 қаңтарындағы № 6С-19/2-18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6371 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2018 жылғы 7 ақпанында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2018 жылғы 7 ақпанында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|
Ерейментау аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Е.Биекенов |
|
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
Қ.Махметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Ерейментау ауданының әкімі |
В.Радченко |
10 шілде 2018 жыл