РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер" туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 1070 "Пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4621 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 тамыздағы № 67 "Семей таңы", 2016 жылғы 23 тамыздағы № 67 "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен күшіне енеді.
3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. В. Шароваға жүктелсін.
| Семей қаласының әкімі | Е. Сәлімов |