Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 06.12.2023 № 52 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешiмнiң 1, 2-қосымшаларына сәйкес Ұзынкөл ауданының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi бекiтiлсiн.
2. Мәслихатының 2014 жылғы 11 шілдедегі № 208 "Ұзынкөл ауданы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4967 тіркелген, 2014 жылғы 14 тамызда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Кезектен тыс сессиясының төрайымы |
Ж. Тынынбаева |
|
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
А. Бараншина |
КЕЛІСІЛДІ
"Ұзынкөл ауданың жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________________ Е. Муржакупов
| Мәслихаттың 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 156 шешіміне 1-қосымша |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының бағалау аймақтарының шекаралары

| Мәслихаттың 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 156 шешіміне 2-қосымша |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Бағалау аймағының нөмірі | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері |
1 | 0,5 |
2 | 0,6 |
3 | 0,7 |
4 | 0,8 |
5 | 0,9 |
6 | 1,0 |
7 | 1,1 |
8 | 1.2 |
9 | 1,3 |
10 | 1,4 |
11 | 1,5 |
