Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 10.08.2021 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 10 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5334 болып тіркелген, 2016 жылы 10 ақпанда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2016 жылы 17 наурызда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жалағаш ауданының әкімі | Т. Дүйсебаев | 
| Жалағаш ауданы әкімдігінің | |
| 2017 жылғы 29 мамырдағы | |
| № 101 қаулысына қосымша | |
| Жалағаш ауданы әкімдігінің | |
| 2016 жылғы 22 қаңтардағы | |
| № 10 қаулысына қосымша | 
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
№  | Елді мекеннің атау  | Кездесу үшін үй-жайлар  | 
1  | 2  | 3  | 
1  | Жалағаш кенті  | Желтоқсан көшесі №7 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қонысбек Қазантаев атындағы Мәдениет үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы  | 
2  | Жалағаш кенті  | А.Ізтілеуова көшесі №18 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы  | 
3  | Ақсу ауылдық округінің Ақсу ауылы  | Т.Елеусинов көшесі №14 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №116 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы  | 
4  | М.Шәменов ауылдық округінің М.Шәменов ауылы  | Бұқарбай батыр көшесі №2 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің Әбдрашит Бердаулетов атындағы №34 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы  | 
5  | Қаракеткен ауылдық округінің Қаракеткен ауылы  | Игілік көшесі №8 мекен-жайда орналасқан “Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының Қаракеткен ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы  | 
6  | Қаракеткен ауылдық округінің Далдабай ауылы  | Далдабай көшесі №49 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №115 негізгі мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы  | 
7  | Бұқарбай батыр ауылдық округінің Бұқарбай батыр ауылы  | Бұқарбай батыр көшесі №21 мекен-жайда орналасқан “Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімі аппаратының Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы  | 
8  | Аққұм ауылдық округінің Аққұм ауылы  | Б.Ақдаулетов көшесі №7А мекен-жайда орналасқан “Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының Аққұм ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы  | 
9  | Таң ауылдық округінің Таң ауылы  | Орынбай жырау көшесі №12 мекен-жайда орналасқан “Таң ауылдық округі әкімі аппаратының Таң ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы  | 
10  | Еңбек ауылдық округінің Еңбек ауылы  | Т.Дауытбаев көшесі №5 мекен-жайда орналасқан “Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының Аққошқар ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы  | 
11  | Аламесек ауылдық округінің Ақарық ауылы  | К.Әбішев көшесі №26 мекен-жайда орналасқан, “Аламесек ауылдық округі әкімі аппаратының Ақарық ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы  | 
12  | Жаңадария ауылдық округінің Жаңадария ауылы  | Достық көшесі №20 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №203 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы  | 
13  | Мырзабай ахун ауылдық округінің Мырзабай ахун ауылы  | Ә.Жүргенбаев көшесі №28 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №122 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы  | 
14  | Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылы  | Мектеп көшесі №61 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №32 Ілияс Қабылов атындағы мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы  | 
15  | Мақпалкөл ауылдық округінің Темірбек Жүргенов атындағы ауылы  | Ә.Оңалбаев көшесі №38 мекен-жайда орналасқан “Мақпалкөл ауылдық округі әкімі аппаратының Темірбек Жүргенов ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның акт залы  | 
16  | Жаңаталап ауылдық округінің Жаңаталап ауылы  | Ә.Қожабаев көшесі №23 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №119 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы  | 
17  | Аққыр ауылдық округінің Аққыр ауылы  | Н.Таспенов көшесі №4 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №188 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы  |