Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2017 жылдың 24 тамызындағы № 7 хаттамасы негізінде, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Абай ауданы әкімінің 2017 жылғы 28 сәуіріндегі №2 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4252 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылы 16 мамырда жарияланған, 2017 жылғы 13 мамырында № 18 "Абай Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Абай ауданы әкімінің м.а. | М. Магзин |