Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 30.12.2019 № 55/01 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Л.Д. Буравкоға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шахтинск қаласының әкімі | С. Аймаков |
| Шахтинск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 53/01 қаулысына қосымша |
Шахтинск аймағының жайылым айналымдарының схемасы

