Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 25.09.2026 № 360 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын берудің Қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 262 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3308 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қағидалардың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Атақ жыл сайын облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша тиісті мәслихатпен беріледі, алайда, облыс бойынша - бес, қала бойынша - үш және аудан бойынша - екі азаматтан аспауы керек.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
| А. САДЫҚОВ | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |