Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 23/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4178 тіркелген, 2014 жылы 6 маусымда "Сандыктауские вести" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы аудандық мәслихатының хатшысы |
С.Клюшников |
"КЕЛІСІЛДІ"
| Сандықтау ауданының әкімі | А.Исмағамбетов |
2017 жылғы 28 наурыздағы