Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № С-2/6 "Еңбекшілдер аудандық Мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5405 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 маусымда аудандық "Жаңа дәуір" - "Сельская новь" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
О.Ганеева |
|
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С.Шауенов |