РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Тельман ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар ауданы Тельман ауылдық округінің көшелері қайта аталсын:
1) Тельман ауылы бойынша:
№1 көшесі Бірлік көшесіне;
№3 көшесі Бейбітшілік көшесіне;
№4 көшесі Ынтымақ көшесіне;
№5 көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
№6 көшесі Еңбек көшесіне;
№7 көшесі Достық көшесіне;
№8 көшесі Жастар көшесіне;
№9 көшесі Береке көшесіне.
2) Поповка ауылы бойынша:
№1 көшесі Жастар көшесіне;
№2 көшесі Бейбітшілік көшесіне;
№3 қөшесі Жеңіс көшесіне;
№4 көшесі Есіл көшесіне;
№5 көшесі Қаражар көшесіне;
№6 көшесі Сәдібек көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Тельман ауылдық округінің әкімі |
К.Әдепбаева |