Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.05.2020 № 168 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.05.2019 № 170 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына сәйкес, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 10087) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.05.2019 № 170 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "24" наурыздағы № 80 қаулысына қосымша |
Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 20.05.2019 № 170 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
р/с № | Ауылшаруашылық өнімінің атауы | Тереңдете өңделетін өнімдердің атауы | Сатыпалынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне субсидиялар нормативі, теңге/л және теңге/кг |
1 | Сүт | Сары май | 41,0 |
2 | Сүт | Ірімшік | 22,0 |