Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімдігінің 12.03.2024 № 128/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлiгi туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі "Павлодар ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 223/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4655 тіркелген, 2015 жылғы 20 тамыздағы № 33 (220) "Нива" және № 33 (8051) "Заман тынысы" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:көрсетілген қаулының 13-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Бабенко |
| Павлодар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "5" ақпан № 39/2 қаулысына қосымша |
Заозерное, Көктөбе, Толыбай ауылдарында тұратын балаларды
Шақат орта жалпы білім беру мектебіне тасымалдау схемасы

Шартты белгілер:


