Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4400 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірде № 17 "Наша жизнь" газетінде жарияланған) № 268/5 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы Ережеде:
21-тармақтағы 8) тармақша алынып тасталсын;
35-тармақтағы 92), 93) және 128) тармақшалар мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"92) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 48 санаторлық сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
93) Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 49 санаторлық сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;";
"128) "Павлодар қаласының № 37 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі.".
2. "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялуға жіберілуін;
осы қаулының интернет ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қаласының әкімі | Б. Бақауов |