Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 22.05.2018 № 234 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Сессия төрағасы, Қарасу аудандық мәслихаттың хатшысы |
С. Қазиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________ С. Рогозик
2016 жылғы 12 желтоқсан
| Мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 68 шешіміне қосымша |
Қарасу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,48 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, қарттар үйлері | 1 орын | 1,08 |
3 | Қонақ үйлер | 1 орын | 1,51 |
4 | Балабақшалар | 1 орын | 1,31 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,7 |
6 | Емханалар | 1 адам | 0,54 |
7 | Ауруханалар | 1 төсектік - орын | 1,84 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,18 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 1,35 |
10 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,65 |
11 | Өнеркәсіптік дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,54 |
12 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,16 |
13 | Автомобильді жуу орындары, автомобильге жанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 1,86 |
14 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 3,13 |
15 | Шаштараздар | 1 жұмыс орны | 0,8 |
16 | Аяқ-киімді жөндеу шеберханалары | Жалпы аланы 1 м2 | 1,3 |
17 | Моншалар | Жалпы аланы 1 м2 | 2,2 |