"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 қорытындысына сәйкес Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық оркугінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округі Аққыр ауылындағы "Мектеп" көшесі "Нұрылда Таспенов" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аққыр ауылдық округінің әкімі | Ж. Матаев |