Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Мұғалжар ауданының Еңбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар ауданының Еңбек ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 2008 жылғы 20 қарашадағы № 21 мемлекеттік тіліндегі "Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің Тепсең - Қарабұлақ ауылына көше атауын беру туралы"(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-83 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 желтоқсанда "Мұғалжар" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
кіріспеде ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын;
2) 2008 жылғы 20 қарашадағы № 22 мемлекеттік тіліндегі "Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің Темір бекеті ауылына көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-84 тіркелген, 2008 жылғы 10 желтоқсанда "Мұғалжар" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
кіріспеде ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Еңбек ауылдық округінің әкімі | А.Медеуова |